Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді

20 Тамыз 2025, 12:35
445
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. 

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді

Ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамалар жасалды. Талқылау барысында Мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы зор екенін атап өтті. 

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді

Президент бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, барлық әлеуметтік міндеттемелер мен өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыруға, сонымен қатар қаражатты мақсатқа сай бөлуге және игеруге баса назар аудару қажет деп санайды.

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді
Өзгелердің жаңалығы