Президент БҚО су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады

4 Сәуір 2024, 14:00
936
Бөлісу:
Президент БҚО су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады
PHOTO VIDEO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты.

Президент БҚО су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады.

Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

Президент БҚО су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады

Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр.

Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған.

Президент БҚО су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады

Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді.

Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Президент БҚО су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады
Өзгелердің жаңалығы