Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине, мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті. Осының өзі елімізді дамытуға үлес қосу деген сөз», - деді Президент.