Президент бірқатар өңірдің әкімдерін қабылдады

23 Маусым 2021, 17:54
8693
Бөлісу:
Президент бірқатар өңірдің әкімдерін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдерін жеке-жеке қабылдады.

Жеңіс Қасымбек, Бақытжан Сағынтаев, Мұрат Әйтенов, Оңдасын Оразалин, Құмар Ақсақалов және Серікбай Трұмов Президентке өздері басшылық жасайтын өңірлердің жыл басынан бергі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есеп беріп, аймақтарды одан әрі дамытудың перспективасы жөнінде баяндады. Бұдан бөлек Мемлекет басшысына өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берілді.

Президент бірқатар өңірдің әкімдерін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық мәртебесі бар қалалардың басшыларына әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының артуына жол бермеуге қатысты және басқа да бірқатар нақты тапсырма берді. 

Президент бірқатар өңірдің әкімдерін қабылдады

Өзгелердің жаңалығы