Президент бір сыныптағы бала саны шектен тыс көп екенін айтты

16 Қараша 2021, 16:12
1176
Бөлісу:
Президент бір сыныптағы бала саны шектен тыс көп екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сыныптағы бала саны шектен тыс көп екенін айтты.

Әр сыныптағы бала саны шектен тыс көп. Негізі бір сыныптағы бала саны 25-тен аспауы керек. Осы стандарттың сақталуын қатаң қамтамасыз етуге тиіспіз. Сонымен қатар мектептердің үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырамын, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, мектептің жалпы көлемі мен дизайны орын санына байланысты анықталуы керек.

Мектеп 2,5 мың балаға арналса, соған орай инфрақұрылым да болуы керек. Онда спортзалдары, асхана, зертхана және оқу кабинеттері болуы қажет. Жаңа мектеп салуға бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына, талан-таражға түсуіне жол бермеу керек, - деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында.
Өзгелердің жаңалығы