Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент балалар футбол академиясын аралап көрді

10 Желтоқсан 2024, 19:30
1311
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев балалар футбол академиясын аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Ақтөбе қаласындағы «Химик» стадионының базасында ашылған балалар футбол академиясына барды.

Президент балалар футбол академиясын аралап көрді

Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған. Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады. Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.

Президент балалар футбол академиясын аралап көрді

Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы