Президент Бақыт Сұлтановты қабылдады

27 Маусым 2019, 15:11
1238
Бөлісу:
Президент Бақыт Сұлтановты қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысына жаңадан құрылған министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары, штат құрамының жасақталуы және тиісті нормативтік-құқықтық база дайындау жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті министрге бірқатар міндет жүктеді.

"Ұлттық мүдделерді қорғау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге және Еуразиялық экономикалық одақ, ҚХР және Орталық Азия нарықтарындағы тауарларымызды ілгерілетуге күш салу қажет. Экспортқа шығарушыларды қолдау үшін оларға көрсетілетін қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмылдыру керек. Ішкі нарықты қорғау және оны сапалы әрі қолжетімді тауарлармен толтыру мәселелері халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және ел экономикасының дамуына тікелей байланысты. Сондықтан, заманауи форматтағы нарықты дамыту және ақшасыз төлем механизмін кеңейту мәселелері бойынша жергілікті атқару органдарымен өзара іс-қимылдар жүргізу маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы