Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Салтанатты рәсім Құрмет қарауылының сап түзеуінен басталды.
Қарауыл бастығы Мемлекет басшысы мен Мажарстан басшысына баянат берді.
Кейін екі елдің әнұраны орындалды.
Екі ел басшылары кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді.
Бүгін Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады.