Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлі Facebook-тегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына барды.Президент — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған, - делінген хабарламада.