Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

21 Қыркүйек 2025, 16:09
430
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!, – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Еске салайық, Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды. Спортшы Загребтегі Әлем чемпионатының финалында өзбек балуаны Алишер Ганиевті айқын басымдықпен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы