Президент «Әділетті Қазақстанды» құру жөнінде айтты

14 Ақпан 2024, 21:35
341
Бөлісу:
Президент «Әділетті Қазақстанды» құру жөнінде айтты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігі, заң үстемдігі, теңдік және жауапкершілік қағидаттарына негізделген «Әділетті Қазақстанды» құру жөнінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы еліміздің саяси жүйесін кең көлемде жаңғырту үдерісі басталды.

Қазақстан барынша инклюзивті саяси жүйе мен экономика құрып жатыр. Біз есеп беру және реформа жүргізу қағидаттарын ұстанамыз әрі өткенімізге шынайы көзқараспен қараймыз. Өз дамуымызды мақтан тұтамыз және болашаққа батыл қадам басамыз. Сондай-ақ адам құқықтарын сақтауға бейілдіміз. Гендерлік теңдікті сақтау, еңбекті қорғау сияқты бірқатар бастаманы жүзеге асырып жатырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан мен Қатар берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтарға және өзара қолдауға негізделген сенімді серіктестік қатынастарды құптайды.

Осы уақытқа дейін біз экономиканың түрлі бағытында, соның ішінде энергетика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және туризм салаларында көптеген бірлескен жобаны жүзеге асырдық. Алдағы уақытта Қатардың Қазақстандағы ең ірі 10 инвестордың бірі болуына мүмкіндік мол. Әмірмен кездесуде біз сауда көлемін ұлғайту жөнінде алдымызға жаңа мақсат қойдық. Мұнай мен газды барлау саласы да өте перспективті бағыт саналады. Біз маңызды геологиялық жаңалықтарға ықпал ететін озық әлемдік тәжірибелерді меңгеру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы