Президент 22-23 тамызда Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады

22-23 тамыз күндері Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 primeminister.kz 19 Тамыз 2024 2024, 11:06
19 Тамыз 2024 2024, 11:06
1119
Фото: primeminister.kz

22-23 тамыз күндері Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Наверх