Президент 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.</h4>

 29 Қазан 2020 2020, 15:03
29 Қазан 2020 2020, 15:03
7438

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Президент полиция қызметін цифрландыру, заңсыз есірткі айналымымен күресті күшейту, түзету жүйесінің жағдайын жақсарту керек екенін мәлімдеді.
Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыстың өршуіне және түрме «тәртібінің» таралуына мүлде жол беруге болмайды. Ондағы жағдайдың аса мәз емес екені мәлім. Бас бостандығынан айырмай жазалауға қатысты түйткілдер бар. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерді шешу бойынша нәтижелі жұмыстар көрсетуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент келесі жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді.

Наверх