Премьер-министрлер өнеркәсіптік кооперация жобаларын жүзеге асыруды талқылады

26 Қыркүйек 2023, 09:09
628
Бөлісу:
Премьер-министрлер өнеркәсіптік кооперация жобаларын жүзеге асыруды талқылады
PHOTO
Фото: Үкімет

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ primeminister ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті.

Әлихан Смайылов Беларусь Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес екенін атап өтті. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы 23%-ға өсіп, $1 млрд шегінен асты. Премьер-Министрдің айтуынша, өсімнің жоғары серпінін сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің ауқымын кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет.

Премьер-министрлер өнеркәсіптік кооперация жобаларын жүзеге асыруды талқылады

Сонымен қатар екі ел арасындағы серіктестіктің қозғаушы күшінің бірі – өнеркәсіптік кооперация. Мәселен, қазірдің өзінде құны $180 млн-ға жуық 8 жоба жүзеге асырылып, соның негізінде 1400 жаңа жұмыс орны ашылды. Іске асыру сатысында құны $19 млн-ды құрайтын 2 жоба бар. Бұл ретте Қазақстан мен Беларусь ведомстволары 800-ге жуық жұмыс орнын құру арқылы құны $100 млн-нан асатын тағы 4 жобаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазақстан индустриялық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және қолданыстағы өндіріс орындарының қуатын кеңейтуге мүдделі, — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Беларусь Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының табысты ынтымақтастық жобалары осы бағытты одан әрі дамыту үшін үлгі бола алатынын атап өтті.

Премьер-министрлер өнеркәсіптік кооперация жобаларын жүзеге асыруды талқылады

Қазіргі бірлескен өндірістік қуаттар қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор мен 1 мыңға дейін комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаларға алдағы уақытта да қолдау күтеміз, — деді Роман Головченко.

Сонымен қатар ол агроөнеркәсіптік кешен, өрт сөндіру-құтқару техникасын өндіру және құрылыс саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын атап көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы