Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Үкімет басшысы қашан ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа Үкімет басшысын Amanat партиясы ұсынады. Қанша кандидатура ұсынасыздар? Қашан? - деп сұрады журналист Парламенттің бірінші сессиясынан соң.
Таяу күндері ұсынылады. Оны сол уақыты келгенде білесіздер. Қазіргі таңда ол мәселе толық шешімін таппады. Алдағы бір-екі күнде Президентке ұсыныс жасаймыз, - деп жауап берді Ерлан Қошанов.
Бүгін Парламентте Премьер-министр кандидатурасын Amanat партиясы ұсынатыны белгілі болды.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейін палата төрағасы Ерлан Қошанов журналистердің сұрағына жауап берді.