Премьер-Министр өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді

19 Тамыз 2022, 20:34
1236
Бөлісу:
Премьер-Министр өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді

Үкімет басшысы Павлодар облысы тау-кен өндіру, металлургия, химия өнеркәсібі және құрылыс саласы бойынша белсенді түрде дамып келе жатқан еліміздің аса маңызды индустриялық өңірлерінің бірі екенін атап өтті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы облысты дамытуға шамамен 134 млрд теңге қарастырылған, оған қоса республикалық бюджетті нақтылау аясында қосымша 23 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 

Премьер-Министр өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді

Бұл қаражат өңірдің әлеуметтік қажеттіліктеріне, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға және басқа да инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған. Сапалы нәтижелерге қол жеткізу үшін олардың мақсатына сай пайдаланылуын және тиімді игерілуін қамтамасыз ету қажет, — деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының айтуынша, тағы бір өзекті мәселе – өңір экономикасын әртараптандыру. Осы мақсатта биыл жеке инвестициялар есебінен 44 млрд теңгеге жуық сомаға 66 жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек, 1,7 трлн теңгеден астам сомаға тағы 48 жоба жобалау сатысында тұр. 

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне облыс әкімдігімен бірлесіп Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін салуға, «Ленин – Ертіс – Русская поляна» және «1-МАЭС – Басқамыс –Разумовка» жолдарын реконструкциялауға, сумен жабдықтау объектілерін салуға және жылумен жабдықтау желілерін жаңартуға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Премьер-Министр өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді

Сонымен қатар әкімдікке Екібастұздың жылу энергетикалық орталығына техникалық аудит жүргізу және оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар енгізу, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірлесіп жыл соңына дейін нормативтік жай-күйдегі жолдардың үлесін республикалық желі бойынша 97%-ға дейін және жергілікті желі бойынша 93%-ға дейін арттыру тапсырылды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдікпен бірлесіп өңірдің суармалы учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жобаларына, ал Денсаулық сақтау, Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне әкімдікпен бірлесіп Павлодардағы №1 көпбейінді аурухананы реконструкциялауға қаражат бөлу мүмкіндігін қарау тапсырылды. 

Премьер-Министр өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді

Сонымен қатар Премьер-Министр Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне кәсіпорындардың кешенді экологиялық шешімдерге жедел көшу мәселелерін қарауды, ал Оқу-ағарту министрлігі әкімдікпен бірлесіп, үш ауысыммен оқытатын мектептер, оқушы орындары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын жетіспеушілігі проблемаларын шешу үшін шаралар қабылдап, сондай-ақ жаңа оқу жылының басталуына сапалы дайындық жүргізуді тапсырды. 

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігінің бірлескен тиімді жұмысына байланысты. Барлық әріптестерімді осы бағытта белсенді түрде жұмыс істеуге шақырамын, — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы