Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасының Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.
2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.
2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.