Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин «Шеврон» (Chevron) компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртпен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимылдың келешегі мәселелерін талқылады. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Үкімет басшысы соңғы жылдары Қазақстан «Шеврон» компаниясымен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Асқар Мамин жүзеге асырылып жатқан жобалардағы компанияның сатып алуларындағы жерігілікті қамту үлесін арттыруға қызығушылық бар екенін жеткізді.
"Тараптар құны $36,8 млрд құрайтын «Теңізшевройл» (ТШО) келешекте кеңейту жобасын талқылады. Жобаны 2022 жылы аяқтау ТШО табысын жылына 12 млн тоннаға арттырады. Майкл Уирт «Шеврон» компаниясы туралы ақпарат беріп, компанияның Қазақстан аумағындағы жобаларының өнімділігін атап өтті", - делінген хабарламада.
Қазақстанның Шевронмен ынтымақтастығы мына жобалар аясында жүзеге асырылуда: Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%). «Шеврон» энергия тасымалдаушыларды өндірумен және тасымалдаумен қатар, Атырау полиэтилен құбырлары зауыты (АПҚЗ) және Атырау құбыр желісі арматуралары зауыты (AҚАЗ) және тағы басқа жұмысын қамтамасыз етеді.
Кездесуге ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.