Премьер-лига: Эсеола мен Эппель жұбы жарап тұр

3 Маусым 2019, 15:19
1522
Бөлісу:
Премьер-лига: Эсеола мен Эппель жұбы жарап тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесті. 

«Қайраттың» бұл матчта жеңіске жететініне аса қатты ешкім күмән келтіре қойған жоқ. Өйткені, қарсыласы «Ақтөбенің» жағдайы белгілі. Соған қарамастан, бірінші таймда алаң иелері біраз қиналды.

Алексей Шпилевский маусым басында Әбікен, Астанов, Оразов, Нурмугамет, Сәрсенов секілді жастарды ойнатып жүрген. Қазір оның бәрін ұмытты. Исламхан жарақатынан айыққан соң, қайтадан негізгі құрамда тәжірибелі ойыншыларды шығарып жүр. 

Екінші таймда Адеринсола Эсеола белсенді. Ол 13 минутта дубль жасап, мергендер көшінде жеке-дара топ бастады. 13 матчтан кейін оның еншісінде 10 гол болды. Матчтың нүктесін Мартон Эппель қойды. 

Аутсайдерлермен кездесуде «Қайраттың» ойыны жүрді. Енді, өздерімен деңгейлес командалармен кездесуде жағдай қалай болар екен?

«Қайрат» (Алматы) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) –3:0. 

Голдар: Эсеола, 60 (1:0). Эсеола, 73 (2:0). Эппель, 89 (3:0). 

«Қайрат»: Покатилов, Вороговский, Вржещиньский (Әбікен, 71), Дугалич, Жуков, Исламхан (к), Косович (Швырев, 76), Қуат, Миканович, Ахметов, Эсеола (Эппель, 82).

 «Ақтөбе»: Трофимец, Волков (к), Жұмағали, Қайыров, Кәкімов, Көкеев (Сахибов, 72), Марьянович, Радин (Сәулет, 80), Таңжарықов, Айымбетов (Әжімов, 87), Шурыгин. Резерв: Жасанов Есен, Нурмухаметов, Темірхан. 

Бас төреші: Георгий Чеховский (Нұр-Сұлтан). 

Алматы. «Орталық» стадионы. 7800 көрермен.

Өзгелердің жаңалығы