Премьер-лига: Бүгін елімізде 20-тур ойындары басталады

Бөлісу:
Премьер-лига: Бүгін елімізде 20-тур ойындары басталады

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры басталады.

Бұл турдағы негізгі ойындар 15 қыркүйекте сағат 17:00-де «Елімай» (Семей) мен «Тобыл» арасында болады. Командалар биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан жанкүйерлер аталған кездесуден тартысты бәсеке күтетіні анық.

Сондай-ақ, аталған турда 14 қыркүйекте 17:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Қайсар» (Қызылорда), 19:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Астана» мен «Қызылжар» (Петропавл) кездеседі.

Ал 15 қыркүйекте 19:00-де «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.

 

Өзгелердің жаңалығы