Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан премьер-лиганың 13-турында елордада «Астана» мен «Жетісу» кездесті.
«Астана» осының алдында екі турда да ұпай жоғалтқан болатын. Бұл жолы Талдықорғаннан келген «Жетісу» командасын жеңді. Бірақ баяғы қарқын байқалмайды. Матчтағы жалғыз голдың өзің қорғаушы Евгений Постников бұрыштамадан кейін соқты. Нәтижелі пастың авторы – Марин Томасов.
«Біз ең бастысы жеңіске жеттік. Бұл біз үшін өте маңызды болды. Бірнеше ойында өз мүмкіндіктерімізді лайықты пайдалана алмаған едік. Соның кесірінен ұпай жоғалтып жүрдік. Сол ойындардан кейін, психологиялық тұрғыда бізге қиын болғаны анық. Дегенмен, жігіттер бүгін жарады. Біз өзімізге қажет нәтижеге қол жеткіздік», - дейді «Астана» бапкері Роман Григорчук.
«Астана» (Нұр-Сұлтан) – «Жетісу» (Талдықорған) – 1:0.
Гол: Постников, 36 (1:0).
Алаңнан қуылды: Керімжанов, 79 (екінші сары қағаз).
«Астана»: Эрич (к), Кабананга (Янга,54), Маевский, Мұртазаев, Постников, Ротариу, Рукавина, Томасов, Шимунович, Шомко, Бейсебеков.
«Жетісу»: Шабанов, Алтынбеков (Джалилов, 58), Керімжанов, Мавутор, Махамбетов (Хромцов, 71), Наумов (к), Оганесян (Жақсылықов,77), Сапанов, Степанюк, Тапалов, Адамович.
Бас төреші: Айдын Рахымбаев (Алматы).
Нұр-Сұлтан. «Астана Арена» стадионы. 1500 көрермен.