Премьер-министр: Мұқтаж қарт адамның барлығына атаулы көмек көрсетіледі

12 Ақпан 2021, 11:38
3267
Бөлісу:
Премьер-министр: Мұқтаж қарт адамның барлығына атаулы көмек көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте онлайн режимде өтіп жатқан Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.

Сондай-ақ аға буын өкілдерін қолдау бойынша жұмыс жалғасады. 2024 жылы жәрдемақыларды рәсімдеу бойынша барлық рәсім проактивті форматқа көшу арқылы электронды түрде көрсетіледі. Биыл зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау процестерінің 92%-ы цифрланады, - деді ол.

Мамин, сондай-ақ, мұқтаж қарт адамның барлығына атаулы көмек көрсетілетінін айтты.

Аға буын өкілдерінің тұрмыс сапасын жақсарту, денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында 2025 жылға дейін әрбір өңірде Белсенді ұзақ өмір орталықтары құрылады. Қазіргі таңда мұндай орталықтар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейді, - деп түсіндірді Үкімет басшысы.
Ортақ зейнетақылар жыл сайын инфляция деңгейінен 2 пайызға асырылып, индекстеліп отырады. 
Нәтижесінде 2025 жылы ортақ зейнетақы мөлшері 2020 жылдың деңгейіне қарағанда 37%-ға өседі. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауды күшейту және оларды экономикалық өмірге араластыру бойынша шаралар іске асырылады. Жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесі 2020 жылғы 23 пайыздан 2025 жылы 30 пайызға дейін артады, - деп атап өтті Асқар Мамин.

Өзгелердің жаңалығы