Бүгін православ шіркеулерінде "Рождество Христово" мерекесі өтеді

7 Қаңтар 2020, 08:26
2415
Бөлісу:
Бүгін православ шіркеулерінде "Рождество Христово" мерекесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасиетті "Рождество Христово" мерекесіне орай елорданың Успен кафедралды соборында, Констатин-Еленин храмында, Серафима Саров храмында діни рәсімдер өтетін болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Бүгіннен бастап православ шіркеулерінде мереке алдындағы ғибадат рәсімдері өтуде.

Ал түнгі мерекелік Рождество литургиясы барлық храмдар мен соборларда сағат 23.00-де жоспарланған. 7 қаңтарда мерекелік шіркеу іс-шаралары сағат 09:00-де басталып, 11:00-де Қазақстанның Православ шіркеуі қызметкерлері мен мемлекеттік билік өкілдері конфессия өкілдерін ресми түрде құттықтайды.

Сондай-ақ, 7 қаңтар күні сағат 11.00, 14.00-де қасиетті Кирилл мен Мефодий атындағы Рухани-мәдени орталықтың концерт залында балаларға арналған Рождестволық шырша өтеді.

Өзгелердің жаңалығы