«Позор». Мұхамедиұлының баласы мәлімдеме жасады

20 Маусым 2023, 19:27
11449
Бөлісу:
«Позор». Мұхамедиұлының баласы мәлімдеме жасады
VIDEO
Фото: автордан

8 жылға сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлының баласы Дінмұхаммед Мұхамеди сотта шу шығарды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Арыстанбек Мұхамедиұлын сот залынан алып шығып бара жатқан кезде экс-министрдің ұлы "позор" деп бірнеше рет айғайлады. Кейін әкесіне жақындамақ болды. Алайда, конвой қызметкерлері әкесі мен баласын бір-біріне жолатпай, арашалап алды. Экс-министрді сот залынан алып кетті.

Бұған дейін сот қызметкерлерімен Ұлттық музейдің бұрынғы директорының туыстары да қақтығысып қалған еді.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Өзгелердің жаңалығы