Жолаушылар пойызына электронды билеттер сату 76% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылдың 8 айында электронды теміржол билеттерін сату үлесі 76% дейін өсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% артық.
Теміржол билеттерін онлайн режимінде bilet.railways.kz билеттерді сату жөніндегі ресми порталдан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ ТЖ билеттерін сату бойынша үшінші тараптың жеке интернет-сайттарынан сатып алуға болады.
Билеттерді сатып алу процесі ашық, сондықтан билеттерді қайта сатумен байланысты заңсыз әрекеттерді жасау мүмкін емес.
Билеттерді сатудың қолданыстағы электрондық жүйесі пайдаланушыларға билеттерді қайта ресімдеуге мүмкіндік бермейді.