Пойыздар соқтығысты: зардап шеккендер бар

Зимбабве мемлекетінің Гванда қаласы маңында жолаушылар мен тауар пойыздарының соқтығысуы салдарынан 18 адам зардап шекті.

 thezimbabwemail.com 19 Сәуір 2025 2025, 03:40
19 Сәуір 2025 2025, 03:40
1058
Фото: thezimbabwemail.com

Зимбабве мемлекетінің Гванда қаласы маңында жолаушылар мен тауар пойыздарының соқтығысуы салдарынан 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Zimbabwe Mail басылымына сілтеме жасап.

Апат Ровос Рейл компаниясының жүк пойызы мен люкс пойызының арасында болған, оларда 47 шетелдік турист отырған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, Дағыстанда да пойызбен соқтығысу нәтижесінде екі бала мен бір ересек адам зардап шекті. Оқиға Ставрополь – Зладный – Моздок – Кизляр – Крайновка автожолының 482-ші шақырымындағы теміржол өткелінде орын алды.

Соқтығысу кезінде жүргізуші мен оның екі кәмелетке толмаған баласы (төрт және 10 жаста) жарақат алды. Үшеуі де Кизлярдың Орталық қалалық ауруханасына жеткізілді.

Наверх