Пойыздар да уақытынан кешігіп келуде

31 Желтоқсан 2023, 10:35
1126
Бөлісу:
Пойыздар да уақытынан кешігіп келуде
Фото: Артём Чурсинов

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарындағы қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты бірқатар пойыздың уақытынан кешігетінін ескертті, деп хаарлайды BAQ.KZ.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Астана уақытымен сағат 14:30-дағы жағдай бойынша, келесі жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы хабарлайды:

  • №58 «Орал – Астана» 1 сағат 50 минутқа;
  • №328 Қарағанды – Қостанай 2 сағат 30 минутқа;
  • №118 Қызылорда – Павлодар 1 сағат 35 минутқа;
  • №76 Петропавл – Қызылорда 3 сағатқа;
  • №46 Түркістан – Павлодар 2 сағат 45 минутқа;
  • №122 Астана-Семей 2 сағат 20 минутқа;
  • №55 Көкшетау – Қызылорда 1 сағатқа;
  • №47 Астана – Атырау 1 сағат 30 минутқа.

Қолайсыз ауа райы кезінде теміржол көлігі жолаушыларды тасымалдаудың жалғыз қолжетімді баламасы болып қала береді, өйткені автомобиль қозғалысы мен әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Жолаушылар "1433" тегін нөмірі және "KTZH_PP_BOT" Телеграмм боты арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады, - деді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық тасымалдаушы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы