Қазір қазақстандық пойыздар 48 бағытта жүреді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстанда биылғы 5 шілдеден бастап 42 облысаралық және қала маңындағы пойыздардың жүруі уақытша тоқтатылып, 7 пойыздың жүру мерзімі қысқартылды.</h4>

 26 Тамыз 2020 2020, 17:05
26 Тамыз 2020 2020, 17:05
2155

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда биылғы 5 шілдеден бастап 42 облысаралық және қала маңындағы пойыздардың жүруі уақытша тоқтатылып, 7 пойыздың жүру мерзімі қысқартылды.

ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Санитарлық қорғау шараларын міндетті түрде сақтай отырып, 48 бағытта пойыздар жүреді.

Жолаушыларды тасымалдау кезінде мынадай шаралар қамтамасыз етілді:

- жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) сақтауды қамтамасыз ету;

- жолаушылардың жеке қорғаныс құралдарының (бетперделер) міндетті түрде болуын және алып жүруін бақылау;

- жолаушыларды дауыс зорайтқыш байланыс бойынша жолаушылар қозғалысын шектеу талаптары туралы хабардар ету;

- жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу;

- жолсеріктерді медициналық бетперделермен қамтамасыз ету;

- қалыптастыру пункттерінде жылжымалы құрамды дезинфекциялау.

Наверх