Посткеңестік елдердің мемлекеттік қызмет саласындағы реформалары талқыланды

12 Наурыз 2019, 09:42
6060
Бөлісу:
Посткеңестік елдердің мемлекеттік қызмет саласындағы реформалары талқыланды

Астана, BAQ.KZ. Вашингтонда Мемлекеттік басқару саласындағы американдық қоғамның (ASPA) жыл сайынғы конференциясы аясында Астана мемлекеттік қызмет хабы «Посткеңестік және өтпелі кезеңдегі елдердің мемлекеттік қызметіндегі заманауи трендтер мен сын-тегеуріндер» атты панельдік сессия өткізді.

Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қазыханов панельдік сессияны аша отырып, тәуелсіздік алғаннан бері аймақтағы елдер мемлекеттік қызметті реформалауда өзіндік жолмен өтуде екендігін айтты. Осы ретте Қазақстан мемлекеттік басқаруды жетілдіруді заң үстемдігі мен білім экономикасымен қатар 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына кірудің негізгі құралы ретінде қарастыратындығын атап өтті.

Посткеңестік елдердің мемлекеттік қызмет саласындағы реформалары талқыланды

Мемлекеттік басқару саласындағы американдық қоғамның Атқарушы директоры Уильям Шилдс 40-тан астам ел қатысатын Астана мемлекеттік қызмет хабымен әріптестіктің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми жарияланымдар әзірлеу және басып шығарудағы Хабпен бірлескен табысты жұмысты баяндады. Сондай-ақ, Шилдс «әртүрлі елдердің сарапшылары арасында мемлекеттік басқару бойынша нетворкинг пен білім алмасудың дәстүрлі платформасына» айналған Хабтың жыл сайынғы конференциясына ASPA өкілдерінің қатысуға ниеті барын білдірді.

Посткеңестік елдердің мемлекеттік қызмет саласындағы реформалары талқыланды

Сессия барысында Ауғанстан, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Солтүстік Македония, АҚШ және Украинаның уәкілетті органдарының басшылары мен сарапшылары өз елдеріндегі мемлекеттік қызметті дамытудағы бірегей тәжірибелерімен бөлісіп, осы саладағы ортақ мәселелерді талқылады.

Посткеңестік елдердің мемлекеттік қызмет саласындағы реформалары талқыланды

Корея Республикасы Персоналды басқарудың экс-министрі, профессор Пан Сук Ким аймақтағы мемлекеттік қызметті реформалаудағы басымдықтардың бірі ретінде кадр қызметін кәсібилендіру екенін жеткізді. 

«Аймақ елдері үздік кандидаттарды іріктеу мен оларды меритократия қағидаттарына сәйкес мансаптық өсуін жетілдіру қажет. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз», - деді ол. 

Сессияның барлық қатысушылары, оның ішінде мемлекеттік басқару саласындағы танымал сарапшылар – Федералды аға мемлекеттік қызмет институтының бұрынғы директоры д-р Честер Ньюланд, АҚШ-тың жалақы бойынша Федералдық кеңестің бұрынғы төрағасы д-р Стивен Кондри, Governance Solutions International (АҚШ) атқарушы директоры Гидо Бертуччи тәжірибе алмасуда және өкілетті органдар, мемлекеттік басқару мектептері мен әртүрлі елдер сарапшылары арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуда Астана мемлекеттік қызмет хабының бірегейлігі мен маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы