Португалия елшісі Қазақстандағы миссиясы аяқталды

9 Желтоқсан 2023, 00:22
521
Бөлісу:
Португалия елшісі Қазақстандағы миссиясы аяқталды
Фото: gov.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Португалия Елшісі Мария де Фатима Велес де Андраде Мендешті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дипломаттар Қазақстан мен Португалия арасындағы өзара қарым-қатынастың 30 жылға жуық уақыт ішінде терең саяси диалог пен өзара түсіністікпен ерекшеленетін үлкен жол өткенін атап өтті. Тараптар шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Р.Василенко португалдық дипломаттың Қазақстанда болған уақыты барысында екіжақты қатынастарды нығайту жөніндегі нәтижелі жұмысын ерекше атап өтті.

Сұхбаттасу аясында екі елдің экономикалық ынтымақтастығының, сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылдың үлкен әлеуеті ерекше атап өтілді. Осыған байланысты, тараптар экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою бойынша одан әрі бірлескен жұмыстың маңыздылығын айтып, бұл өз кезегінде Үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес құруға ықпал ететіне сенім білдірді.

Кездесу нәтижесінде Р.Василенко Португалия Елшісіне алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде, М.Мендеш Қазақстанның бірегейлігін және елде болып жатқан оң реформаларын атап өтіп, Қазақстан тарапына қонақжайлылық үшін алғысын жеткізіп, екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы