Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) қазақстандық Алексей Полтораниннің спорттан 4 жылға шеттетілгенін жариялады.
Допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 2020 жылғы 2 қаңтардағы шешіммен эстондық шаңғышылар Карела Таммъярва, Андреаса Верепалу, жаттықтырушы Мати Алаверу және қазақстандық Алексей Полторанин төрт жылға спорттан шеттетілді, - делінген хабарламада.