Полторанин консулдық көмектен бас тартты – СІМ

4 Наурыз 2019, 17:39
1657
Бөлісу:
Полторанин консулдық көмектен бас тартты – СІМ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өтетін апта сайынғы брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Алексей Полторанин 28 ақпан күні кешке немістің Мюнхен қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан. Біздің дипломаттармен сөйлесуден бас тартқан.

"Жаттықтырушылары да үн-түнсіз отыр. Меніңше бұл «таза» спорт мәселесі. Біздің консулдарымыз оның ұсталғаны туралы ести сала сол қалаға барды. Дәл қазір оның қайда екенін білмейміз. Оның допинг қабылдағаны және оған күдік туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне хабарласыңыздар. Біздің жақтан консулымыз оның құқығы бұзылмауы үшін сол қалада болды. Оған қатысты жағдайды бақылауда ұстады. Полтаранинге қатысты басқа деректерді білмейміз», - деді Смадияров.

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанинді австриялық полицейлер антидопингтік ережені бұзды деген айыппен қамауға алды.

Рахила Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы