Полтаранин 4 жылға спорттан шеттетілді

29 Қараша 2019, 17:15
12903
Бөлісу:
Полтаранин 4 жылға спорттан шеттетілді

Алматы, BAQ.KZ. FIS-тің шешімімен 32 жастағы қазақстандық шаңғышы 4 жылға спорттан шеттетілді. Сонымен қатар эстондық Карела Таммьярва, Андреаса Веерпалу және Алго Керпа да спорттан шеттетілді. Бұл туралы Eurosport.ru хабарлады.

Біз бұл жағдайды мұхият саралап шықтық, - дейді FIS-тің бас хатшысы Сара Льюис.

Макс Хаук және Доминик Балдауф сынды австриялық спортшыларға қатысты шешім жаз кезінде шығарылған, олар да төрт жылға шеттетілген.

Еске салсақ, допинг айналасындағы дау Зеефельдте өткен 2019 жылғы әлем чемпионатында басталған болатын.
Өзгелердің жаңалығы