Польшаның жол құрылысы тәжірибесін Қазақстанға бейімдеу мүмкіндіктері талқыланды

28 Мамыр 2024, 15:35
300
Бөлісу:
Польшаның жол құрылысы тәжірибесін Қазақстанға бейімдеу мүмкіндіктері талқыланды
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстандық жолшылар Польшаға жұмыс сапарымен барып, Варшава-Краков автожолының салынып жатқан учаскесінің мысалында еуропалық жолдарды жобалау, салу және пайдалану әдістерімен және кезеңдерімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрлігінгің мәлімдеуінше, сапар барысында ғалымдар мен сарапшылар делегациясы ЕО-дағы жолдарды күтіп-ұстау, жол қозғалысын басқару жүйелері, инфрақұрылым мен жол бойындағы сервис жұмысымен танысты.

Польшаның жол құрылысы тәжірибесін Қазақстанға бейімдеу мүмкіндіктері талқыланды

Аталған жол учаскесіне бару мүмкіндігі Дүниежүзілік жол қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы ұлттық комитетінің (PIARC) жұмысы шеңберінде Fabe Polska жол-құрылыс компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Қабылдаушы тарап Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты өкілдеріне Польшада қолданылатын жобалау және құрылыс технологиялары жайында кеңірек айтып, орындалған жұмыстардың сапасын бақылау процестерін көрсетті. Бұл ретте жолшы мамандар оларды елімізде қолдану және бейімдеу мүмкіндіктерін талқылады.

Польшаның жол құрылысы тәжірибесін Қазақстанға бейімдеу мүмкіндіктері талқыланды

Қазақстан делегациясы Польшадағы жол инфрақұрылымын ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, меңгерген әдістер мен технологияларды қызметінде толық пайдалануды жоспарлап отыр.

Алынған білім мен құнды тәжірибе Қазақстанда жол құрылысы мен пайдалану сапасын жақсартуға ықпал етеді, өйткені олар отандық салалық нормативтік базаны өзектендіру кезінде де ескерілмек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты отандық салалық нормативтік базаны өзектендіру жұмысын өткен жылдан бері АҚШ, ЕО, ҚХР және басқа да дамыған елдердің озық тәжірибесіне сүйене отырып, жүргізіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы