Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Польшада Варшава мен Люблин арасындағы теміржол желісі жарылды

18 Қараша 2025, 05:43
274
Бөлісу:
 Bild  басылымы
Фото: Bild басылымы

Польшада Варшава мен Люблин арасындағы теміржол желісі жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасай отырып.

Билік бұл оқиғаны диверсия деп санайды. Пойыз машинисі жолдың зақымдалған бөлігін байқап, диспетчерлік мұнараға тез арада хабарлады, содан кейін желідегі қызмет дереу тоқтатылды.

Премьер-министр Дональд Туск әлеуметтік желілерде жолдардың жарылғыш құрылғыдан зақымдалғанын растады. Тергеушілер Люблин бағытында тағы бір зақымдалған бөлікті анықтады. Прокуратура мен қауіпсіздік қызметтері оқиға бойынша тергеу бастады, бірақ бұл оқиғалардың артында кім тұрғаны әлі белгісіз.

Билік машинисттің мұқияттылығы мен жедел әрекетінің арқасында рельстен шығудың алдын алғанын атап өтті.

Айта кетейік, Украинаға арналған әскери жабдықтарды тасымалдайтындықтан, желі арнайы бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы