Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол апаты Тарнув – Дембица тас жолында болған. Шағын автобус жол бойындағы қоршауға соғып, аударылып қалған.
Польшада Руж Подкарпатский ауылына жақын жердегі А4 автомагистралінде украиналық тіркеу нөмері тағылған шағын автобус апатқа түсті. Бұл туралы 17 қыркүйекте RMF24 хабарлады.Көлікте 11 адам болған. Барлық жолаушы өздері түскен. Зардап шеккендердің бары-жоғы туралы айтылмайды.
Апат орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру және полиция қызметкерлері келіп, Жешувке баратын жол уақытша жабылған.