Польшада құс тұмауының өршуіне байланысты 18 мыңнан астам күркетауық жойылды

Елдің солтүстігіндегі фермада H5N1 жоғары патогенді вирусының ошағы анықталды.

24 Қараша 2026, 13:03
АВТОР
 Reuters 24 Қараша 2026, 13:03
24 Қараша 2026, 13:03
135
Фото: Reuters

Польшада құс тұмауы өршігеннен кейін 18 мыңнан астам күркетауық жойылды.

Бискупец қаласындағы күркетауық өсіретін фермада H5N1 жоғары патогенді құс тұмауының өршуі анықталды. Вирус табылғаннан кейін қалған құстардың бәрі жойылды.

Бұл туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына (WOAH) сілтеме жасап Reuters хабарлады.

Поляк билігінің дерегіне сәйкес, фермадағы 18 723 күркетауықтың 587-сі қырылған. Қалған құстар да жойылды.

Бұл – Польшадағы үй құстары арасында мамыр айынан бері тіркелген H5N1 құс тұмауының алғашқы өршуі.

 

Наверх