Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 наурыздан бастап Польша билігі республикадағы маска тағу режимін және шетелден келген адамдар үшін карантинді алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Бұл туралы бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында республиканың Денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский мәлімдеді.
Мен 28 наурыздан бастап бетперде кию міндетін алып тастау туралы шешім қабылдадым. Бірақ медициналық мекемелерге – қызметкерлерге де, пациенттерге де маска тағу бұрынғыдай міндеттеледі. 28 наурыздан бастап басқа жерлерде мұндай міндет болмайды, – деді ол.
Екінші шешім – үйдегі оқшаулауды жою, яғни шетелден келген адамдар үшін карантин қарастырылмайды, – деді министр.
Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Мұндай жағдайда тиісті шешімдер қабылданады.