Польшаның Радом қаласында америкалық F-16 жойғыш ұшағы құлап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polsat News агенттігінің хабарлауынша, ұшақ 30-31 тамыз күндері өтеді деп жоспарланған авиашоуға дайындық кезінде құлаған.
F-16 ұшағы жоғары жылдамдықпен ұшып-қону жолағына құлап, жарылған. Ұшқыш лақтыруға үлгермей, қайтыс болды.
Польша Қорғаныс министрлігінің басшысы Владислав Косиниак-Камыш ұшақ құлаған жерге бет алды.