Польша Парламентінің депутаттары Қазақстанның ұмтылысына оң баға беруде

15 Қыркүйек 2024, 09:11
541
Бөлісу:
Польша Парламентінің депутаттары Қазақстанның ұмтылысына оң баға беруде

Польша Сеймінде жаңадан сайланған «Қазақстан-Польша» парламенттік тобының депутаттарымен кездесу өтті.

Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаев поляк депутаттарын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.

Олардың назары атом электр станциясын салу бойынша еліміздегі алдағы республикалық референдумға және Қазақстанның жалпыұлттық консенсус негізінде маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдау қағидатына бейілділігі мәселелеріне аударылды. «Бейбіт атомды» елдің энергетикалық тәуелсіздігі үшін пайдалану және плебисцитті өткізу поляк депутаттарының қызығушылығын тудырды, өйткені Польша да елдегі алғашқы атом электр станциясын салуға ниетті.

Сонымен қатар Еуропа мен Азия арасындағы негізгі буындардың бірі ретінде Қазақстанның Польшамен және Еуропалық одақ елдерімен саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда ынтымақтастыққа жағдай жасау бойынша қабылданып жатқан шаралардың маңыздылығы аталып өтті.

Польша Сеймі мен Сенатының депутаттарымен өткен кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Парламенттік топтың төрайымы, Сейм депутаты Барбара Бартущ топ құрамында Қазақстанға сапарға, сондай-ақ Польшамен өзара әрекеттестік жөніндегі топқа кіретін қазақстандық депутаттардың Варшавада қабылдауына қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар Б. Бартущ Қазақстан Елшілігі поляк көрермендеріне бұрын ұсынған «Ұлы Дала таңы» отандық фильмінің көрсетілімін Сейм депутаттары үшін ұйымдастыру бастамасын көтерді.

Өзгелердің жаңалығы