Польша Еуроодақты басқаруға дайындалып жатыр

1 Қаңтар 2025, 07:48
213
Бөлісу:
Польша Еуроодақты басқаруға дайындалып жатыр
Фото: pixabay.com

Венгрияның ЕО-дағы өкілдігі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews.com-ға сілтеме жасап.

1 қаңтардан бастап Еуроодақты Польша басқарады.

Венгрияның ЕО кеңесіндегі өкілдігі 2024 жылы 1 шілдеде басталған болатын. Ол «Еуропаны тағы да ұлы етеміз» ұранымен басталды.

Ротацияның қағидатына сәйкес, Еуроодақтың әр мүшесі 6 ай бойы Еуропалық кеңесте төрағалық етеді. Бұл басымдық ЕО мүшесіне одақтың ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді.

2004 жылы алғаш рет мүшелікке өткен Венгрия бірінші рет 2011 жылы төраға болған. Сол кездегідей, бұл жолы да эстафетаны Польшаға ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы