Полицияның сервистік модельге көшуі не үшін қажет?

25 Наурыз 2022, 14:44
1754
Бөлісу:
Полицияның сервистік модельге көшуі не үшін қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Ұлыбритания – полиция жұмысын дәстүрліден сервиске қайта форматтаған алғашқы елдердің бірі. Мұны істеу үшін оларға 15 жылдан астам уақыт қажет болды.Олар барлық деңгейде терең өзгерістер жүргізді, тиісті институттар құрды.Қазақстанда қазірдің өзінде қызмет көрсету моделінің кейбір элементтері бар, - деді Милюк.

Оның айтуынша, әллемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл жұмысты әртүрлі қызмет элементтерін, тұрғындар мен полицияның өздерінің жаңа форматтағы қарым-қатынасқа дайындығын тексеруден бастау керек.

Осыған байланысты біз бір-бірін толықтыратын екі пилоттық жобаны іске қостық. Пилоттық жобаларды енгізуге халықаралық сарапшылар, ғылыми қоғамдастық, сондай-ақ әртүрлі салалардың жетекші сарапшылары тартылған, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы