Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін полицияға елордадағы бірнеше нысанға жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хабарлама түскен.
«102» арнасына «My car» және «Lexus» автосалондарының, сондай-ақ «Хан Шатыр» және «Mega Silk Way» СОО-ның электронды мекенжайына белгілі бір электронды мекенжайдан жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы хат келіп түскені жөнінде бірнеше шақырту келіп түсті, - делінген Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта қаланың шұғыл қызметтері нысандарды тексерумен айналысып жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш құрылғылардың қойылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделетінін ескертеді. Азаматтардан дүрбелең тудырмай, өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.