Полицияға арызды 102-ге қоңырау шалмай, мобильді қосымша арқылы беретіндер көбейген

5 Желтоқсан 2022, 11:42
900
Бөлісу:
Полицияға арызды 102-ге қоңырау шалмай, мобильді қосымша арқылы беретіндер көбейген

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Енді полицияға арызды бөлімшеге бармай-ақ немесе 102 нөміріне қоңырау шалмастан мобильді қосымша арқылы беруге болады. 

Полиция жұмысындағы цифрлық жобалардың бірі – ІІМ-нің «102» ресми қосымшасы. Егер бұрын полиция бөліміне бару немесе 102 нөміріне қоңырау шалу керек болса, қазір ресми мобильді қосымшаны пайдалану жеткілікті. Оны App Store және Google Play қолданбалары арқылы тегін жүктеп алуға мүмкіндік бар. Қосымшаны сәтті орнатқаннан кейін полицияға смартфоннан тәуліктің кез келген уақытында мәтіндік хабарлама, аудио немесе бейне қоңыраулар арқылы үш түрлі тәсілмен жүргінуге болады, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған Ішкі істер  министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Айтуынша, биыл бұл қосымшаның көмегіне жүгінушілер жеткілікті болған. 

Жыл басынан бері осы қосымшаның көмегімен полицияға 183 300 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 100 000-нан астамы – қоңырау, 35 600 өтініш – мәтіндік форматта, 47 100  басқа да тәсіл бойынша, - деді ІІМ өкілі. 

Өзгелердің жаңалығы