Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Самал КӨШЕРБЕКҚЫЗЫ
2 Сәуір 2025, 20:00
1815
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Петропавлда сәуірдің 2-сіне қараған түні құқық қорғау органдарынан бой тасалаған жас жігіт ұзақ уақыт суда жасырынып, ауыр гипотермиядан қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солнечный елді мекенінің маңында 21 жастағы жас жігіт ауыр гипотермия белгілерімен табылды. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайы мен себептерін толық анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Жергілікті әлеуметтік желілерде марқұмның тәртіп сақшыларынан қашып, суы бар шұңқырға жасырынғаны туралы ақпараттар тарады.

Өзгелердің жаңалығы