Полиция жүргізушілерге қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертті

17 Қаңтар 2024, 00:25
441
Бөлісу:
Полиция жүргізушілерге қолайсыз ауа райында жолға шықпауды ескертті
Фото: polisia.kz

ІІМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ауа райының бұзылуы, көру мүмкіндігінің нашарлауы, сондай-ақ жолдарда көктайғақ кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. Қыстың басынан бері мыңнан астам рет, оның ішінде қаңтар айында үш жүзден астам рет жолдар жабылды. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және ұялы телефондарға хабарлама жіберу арқылы халыққа жолдардың нақты учаскелеріндегі жағдай туралы ақпарат жеткізіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осы учаскелерге полиция нарядтары қойылады. Қажет болған жағдайда олар автокөліктерді сүйемелдейді. Көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда патрульдік көлік маяктарды қосып, автокөліктердің алдына түсіп, басқаларға бағдар береді. Биыл жолдарды жабу барысында 15 мыңнан астам көлік құралдары сүйемелденді, қар үйінділерінен 433 адам, оның ішінде 44 бала және 117 автокөлік эвакуацияланды, - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Ведомство өкілі жолдарды жабу кезінде полицияның заңды талаптарына бағынбаған жүргізушілерге айыппұл немесе бес тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылғанын да ескертті.

Бір жыл ішінде бағынбау тағы қайталанса, он тәулікке дейін қамалады. Жолдарды жабу кезіндегі талаптарға бағынбағаны үшін жыл басынан бері сегіз құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Өзгелердің жаңалығы