Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Полиция ескертеді: Алаяқтар жаңа әдіске көшті

Бүгiн, 00:45
160
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Ішкі істер министрлігі интернет алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертті. Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиян файлдарды таратып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алаяқтар Telegram-нан кітаптардың үлкен жиынтығы қолжетімді екені жайлы шектеусіз хабарлама жібереді. Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына "арнайы қосымша" деген атаумен вирустық файл жібереді. Файлды орнатқан кезде алаяқтар құпиясөздер мен қаражат ұрлап, хат алмасуға және фотосуреттерге қол жеткізеді. Сондай-ақ бұл "тегін кітапхананың" салдары смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалтуға әкеп соғады, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы