Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент әкімшілігінің және Алматы қаласы әкімінің келісімі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы лауазымына полиция полковнигі Таймерденов Қанат Даниярұлы тағайындалды.
Полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.
Таймерденов Қанат Даниярұлы 1976 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1995 жылдан істейді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.
2012-2017 жылдары Алматы қаласы Полиция департаментінің бірінші орынбасары болды. Осыдан кейін Маңғыстау облысының Полиция департаментіне басшылық етті.