Полиция Алматыдағы бала зорлау ісіне қатысты мәлімдеме жасады

29 Қараша 2023, 17:36
707
Бөлісу:
Полиция Алматыдағы бала зорлау ісіне қатысты мәлімдеме жасады
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Полиция ұлына қатысты заңсыз әрекеттерді тергеу жұмыстарына өзінің анасы кедергі келтіріп жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы қаласының полиция департаменті ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігіне сәйкес қала тұрғынының ұлына қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері туралы өтініші бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. 

14 қыркүйек күні әйел полицияға хабарласып, Алматы қаласындағы халықаралық мектепте белгісіз бір адамның баласын қорлағаны туралы хабарлады. Сол күні тергеуші осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарып, қылмыстық іс қозғады. Келесі күні баланы сарапшылар комиссиясы қарады. Қарау кезінде қандай да бір зақым, соның ішінде зорлық-зомбылық іздері табылмаған. 

Сонымен қатар комиссия арнайы медициналық жабдықтары бар проктология саласындағы маманды осы іске тарту туралы ұсынымхат берді. Алайда анасы жеке клиниканың проктолог-маманына өз бетінше жүгініп, кейіннен сараптамадан өтуден бас тартты. Тергеу шеңберінде мектептің ішінде және айналасында орнатылған бейнебақылау камераларынан жазбалар алынды.

Осы жазбаларға сәйкес 11-14 қыркүйек аралығында бала мектептің дәретханасына 57 рет барғаны анықталды, олардың әрқайсысы 2-3 минутқа созылған. Онымен бір мезгілде басқа адамдардың дәретханаға барғаны камераға тіркелмеген.

Жауап алуға қатысқан мектеп қызметкерлері мен сыныптастары балаға қатысты қандай да бір қысым мен зорлық-зомбылық жасалғанын жоққа шығарады.

Іс бойынша сот-биологиялық және молекулалық-геномдық сараптамалар жүргізілді. Сараптама қорытындыларына сәйкес баланың іш киімі мен шалбарында тек өзіне ғана тиесілі биоматериалдар табылды. Басқа іздер табылған жоқ.

Өтініш беруші сараптамалардың қорытындыларымен келіспей, өз адвокаттарымен тәуелсіз мамандарды ұсыну туралы өтініш білдірді. Алайда осы уақытқа дейін олар мұндай мамандарды ұсынбаған. Бұл қосымша сараптамаларды тағайындауға кедергі келтіреді.

Сонымен қатар өтініш беруші бірнеше рет хабардар бола тұра, психологтың қатысуымен ұлынан жауап алуға үзілді-кесілді бас тартып отыр.

Осыған байланысты іс бойынша маңызды тергеу әрекеттерін жүргізу мүмкін болмай отыр.

Өтініш берушінің осындай кедергілеріне қарамастан, тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс бойынша шешім қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде қадағалау органымен келісім бойынша қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы