Полицияға таяқшаны қайтару керек – сенаторлар

<h4>Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының&nbsp;депутаты Георгий Ким жол полициясына таяқшаны қайтаруды сұрады. Премьер-министрдің атына тиісті сауалды сенаторлар жолдады.</h4>

 14 Наурыз 2019 2019, 14:06
14 Наурыз 2019 2019, 14:06
3189

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Георгий Ким жол полициясына таяқшаны қайтаруды сұрады. Премьер-министрдің атына тиісті сауалды сенаторлар жолдады.

«Бұл сауалға біздің депутаттардың өңірлердегі кездесулері, бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған мониторинг пен статистика негіз болды. Статистикаға сәйкес, жол-патруль қызметкерлерін қағып кету оқиғалары тіркелген. Осыған орай, тек жол қозғалысын реттеу үшін таяқшаны пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», - деді депутаттар атынан сауалды оқыған Георгий Ким.

Атап өтсек, Қазақстан полициясы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтерінде таяқшаны пайдаланбайды.

Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ

Наверх